JETOUR | Allur

Модельдер

Арнайы ұсыныстар

Дилерлер

Сатып алушыларға

Иелеріне

Бренд туралы

7070

RU

KZ

JETOUR | Allur
Меню

JETOUR QAZAQSTAN — әлемдегі үздіктер қатарында!

01.11.2025, 03:08

21–27 қыркүйек аралығында Jetour Qazaqstan делегациясы Қытайдың Уху қаласында өткен Jetour Global Sales & Service Skills Contest 2025 екінші халықаралық байқауда Қазақстанды лайықты түрде таныстырды.

Биылғы жылы байқауға сату категориясы бойынша 24 қатысушы және сервис саласында 17 елдің өкілдері қатысты.


Қазақстан атынан Jetour Sales & Service Experts 2025 оқыту бағдарламасының үздік студенттері қатысып, жоғары білім мен кәсіби дағдыларын көрсетті:


Сату бойынша кеңесшілер:

• Станислав Крупский, Jetour Tarlan, Қостанай — 6-орын

• Матвей Кирющенко, Allur Almaty Maylyna — 7-орын

Сервис бойынша кеңесші:

Артём Волос, Jetour Tarlan, Қостанай — әлемнің 17 елі арасынан 2-орын!

Бұл Jetour Qazaqstan үшін тарихи жетістік: Қазақстан алғаш рет сервис сапасы бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына енді. Сонымен қатар, сату категориясында да біздің қатысушылар әлемдегі үздік 10 Jetour сатушысының қатарына кірді. Бұл нәтиже — кәсіби шеберліктің, білімге ұмтылыстың және брендке деген сүйіспеншіліктің жарқын дәлелі.

Байқау атмосферасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларды біріктірді: Қазақстан, Ресей, БАӘ, Сауд Арабиясы, Аргентина, Оңтүстік Африка, Мысыр, Эквадор, Перу, Мексика және басқа елдер өкілдері Jetour халықаралық қауымдастығының бір бөлігіне айналды. Мұнда білім, энергия және командалық рух шынайы жаһандық отбасыны қалыптастырады.

Біздің команданың жетістігі — кездейсоқтық емес, ол жүйелі даму мен брендке және адамдарға деген сенімнің нәтижесі. Jetour Sales & Service Experts бағдарламасының әр қадамы — бұл кәсібилікке, сенімділікке және жарқын болашаққа салынған инвестиция.

Связаться с нами