Модельдер

Арнайы ұсыныстар

Дилерлер

Сатып алушыларға

Иелеріне

Бренд туралы

7070

RU

KZ

Allur компаниялар тобы

Allur — автомобиль компанияларының тобы, ол автокөліктерді, құрамдас бөлшектер мен қосалқы бөлшектерді өндіру және сатумен, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Құрылған күні: 2003 жылғы 15 сәуір.

Компания туралы

Allur – қазақстандық автокөлік компаниясы. 22 жыл ішінде елдегі автокөлік саласына сүбелі үлес қосып келе жатқан басты автокөлік өндіруші компания. Allur – Kia, Chevrolet, JAC, Jetour, Skoda және Geely Galaxy автокөлік брендтерінің ресми дистрибьюторы және дилері, сонымен қатар компания қытайлық Li Auto брендінің алғашқы ресми дилері. Миссиясы: Біз кедергілерді жойып, әр қазақстандықтарға өз бағытын табуға мүмкіндік береміз. Ұран: Жігер барда жолдар ашық!

Allur сандармен

Құрылған күні

2003 ж. 15 сәуір

Қызметкерлер саны

5500-ден астам адам

Қаладағы өкілдіктер

Астана • Алматы • Костанай

Брендтер портфелі

7 Бренд

(Kia, Chevrolet, JAC, Jetour, Skoda, Li Auto және Geely Galaxy)

Біз Қазақстанның автоиндустриясында жаңа ырғақ орнатамыз.

Өндіріс Қостанай қаласында орналасқан. Allur зауыты – Қазақстандағы заманауи өнеркәсіптік өндірістің барлық талаптарына сай алғашқы кәсіпорын.

127 600 автокөлік/жылда

өндірістік қуаттылық

54%

өндіріс бойынша нарық үлесі

Allur бөлшек сауда желісі

Астанада және Алматыда компанияның 20-дан астам жеке дилерлік орталығы бар, сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарында 100-ден астам серіктес-дилерлер бар. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін дилерлік орталықтардан бөлек, Allur Finance бағдарламасы ұсынылады. Бұл екінші деңгейлі банктердің автонесие бағдарламаларының бір жерден ұсынылуы; сондай-ақ Allur Trade-In бағдарламасы – ескі көлікті жаңасына айырбастау қызметі.

Allur зауыты

Allur зауыты – Қазақстандағы ең ірі автокөлік жасау кәсіпорны. Мұнда автокөліктерді дәнекерлеу, бояу және құрастыру толық жүзеге асырылады. Брендтер портфелінде Kia, Chevrolet, JAC, Jetour, Skoda және Geely Galaxy бар. Бұл елдегі барлық санаттағы автокөлік түрлері өндірілетін жалғыз кәсіпорын.

Құрылған күні

2010 жылғы мамыр

Қызметкерлер саны

3500-ден астам адам

Аумағы

356 000 кв.м.