JETOUR

JETOUR QAZAQSTAN БРЕНДТІҢ РЕСМИ ДИСТРИБЬЮТОРЫ ЖАҢА JETOUR T2 ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІГІНЕ ТАПСЫРЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ БАСТАЛҒАНЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

date-icon

27.05.2024

«Аллюр Компаниялар Тобы» АҚ құрамына кіретін JETOUR Qazaqstan брендтің ресми дистрибьюторы бренд желісіндегі жаңа модель – JETOUR T2 толық жетекті жол талғамайтын көлігінің сатылымының басталуын және шығуын хабарлайды.

JETOUR Т2 сатылымы 2024 жылдың маусым айында басталады, ал алдын ала тапсырысты қазірден jetour-auto.kz сайтында рәсімдеуге болады. Жаңа модельге бағалар мен жиынтықтар ресми сатылымды бастауға жақын жарияланатын болады.

JETOUR брендінің стратегиясы «Travel +» концепциясы шеңберінде үш өнім бағытын дамытуға бағытталған. Бірінші бағыт DASHING қалалық жол талғамайтын кроссовермен – белсенді демалысқа арналған автомобильмен ұсынылған. Екінші бағыт – отбасылық саяхаттарға арналған автомобильдер – X70 PLUS PRO және X90 PLUS кроссоверлерімен ұсынылды. «Жол талғамайтын саяхаттың» үшінші бағытын жаңа JETOUR T2 ашады.

JETOUR T2 – бруталды дизайны бар әмбебап жол талғамайтын көлік. Автомобиль саяхаттар үшін жасалған және кез келген ауа райы жағдайларында және тәуліктің түнгі уақытында мінсіз көрініске кепілдік беретін толық жарық диодты оптикамен жабдықталған. Төбесіндегі рейлингтер дизайнның стильді элементі ғана емес, сонымен қатар 300 кг дейін жүк тасымалдай алады. 20-дюймдік дөңгелек дискілері автомобильге ерекшелік пен иесінің мәртебесін көрсете отырып, керемет көрініс береді.

JETOUR T2 интерьері күнделікті сапарда және алыс саяхаттарда жайлылықты арттыру үшін инженерлермен мұқият ойластырылған. Салонда заттарды сақтау үшін елу шақты орындар қарастырылған. Модельдің айбынды габариттері 4785 см x 2006 см x 1880 см және 2800 мм дөңгелек базасы салонның жоғары сыйымдылығын қамтамасыз етеді, ал кеңдік сезімі панорамалық төбе есебінен қосымша күшейтіледі.

Отырғыштардың екінші қатарындағы жолаушылар тегіс еден мен қосымша аяқ кеңістігінің арқасында максималды жайлылықта орналасады. Екінші қатардағы жиналған отырғыштардағы жүк салғыш бөлігінің көлемі 1494 литрге жетеді.

Кең жүк салғыш есігі тегіс және үнсіз жабуға кепілдік беретін электрлік жеткізгіш функциясымен жабдықталған. Кіріктірілген екі стақан қойғыш, жүк салғыш есігіндегі сусындарды ашатын құрал мен қалталар кеңістікті оңтайлы түрде ұйымдастыруға көмектеседі, бұл тынығуда тамақ өнімдерін қолайлы сақтауды және жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Жаңа JETOUR T2 заманауи және қуаты 245 л.с. сенімді 2.0TGDI қозғалтқышымен және 390 Н·м айналу моментімен жабдықталған. Аралас циклде отын шығыны 9,3 л/100 км құрайды. Жанармай багының көлемі – 70 л. Қозғалтқыш 7DCT қос іліністі роботты жеті жылдамдықты беріліс қорабымен жұпта жұмыс істейді. Үдеу уақыты 0 бастап 100 км/сағ дейін 8,7 секундты алады.

Бұл Қазақстандағы JETOUR желісіндегі алтыншы буын BorgWarner XWD толық жетекті жүйесімен жабдықталған алғашқы модель. Айналу моментін интеллектуалды басқаруы және жоғары үйкелу дифференциалы бар жүйе жол жабынының кез келген түрімен максималды іліністі қамтамасыз етеді. Бұл JETOUR T2 жайлылығын, қауіпсіздігін арттырады және жол талғамайтын мүмкіндіктерін кеңейтеді. BorgWarner Incorporated компаниясы – автомобиль техникасы өндірісіне арналған жиынтықтаушылар мен қосалқы бөлшектердің ірі американдық өндірушілері мен жеткізушілерінің бірі. BorgWarner өнімдері әлемге әйгілі американдық, еуропалық және жапондық коммерциялық және жеңіл автомобиль маркаларына орнатылады.

Геометриялық өткізгіштік JETOUR T2 жол талғамайтын мүмкіндіктерін қосымша кеңейтеді: кіру және шығу бұрыштары 28° құрайды. Автомобиль 700 мм тереңдікке дейін өткелдерден жүре алады.

Жаңа жол талғамайтын көлік қозғалыс қауіпсіздігіне кепілдік беретін интеллектуалды көмекшілердің кең ауқымын ұсынады. Жүргізушіге көлік құралын жол жағдайына келтіретін 7 жүргізу режимін таңдау ұсынылады. Қауіпсіздіктің қосымша деңгейі шанақтың сенімді құрылымымен қамтамасыз етілген: лазерлік дәнекерлеуді қолдану, төбедегі 8 қосымша қаттылық қабырғаларын қолдану жоғары қорғаныс деңгейін қамтамасыз етеді. Шанақ құрылымында жоғары берік болаттың үлесі 80% құрайды. Бұралудың жалпы қаттылығы 31000 Н·м/град. жетеді.

JETOUR T2 іске қосу Қазақстанда 2024 жылдың маусым айында болады. Сіз ресми сайтта жаңа модельге алдын ала тапсырыс бере аласыз: https://jetour-auto.kz/models/t2

Өтінім қалдыру

Город

Дилер

Выберите модель